Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Мурад Маммадовпен өзара мықтыны анықтады.
Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Ал екінші үш минуттықта Айдос Сұлтанғали басымдықты танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Айдос Сұлтанғали финалға шығу үшін бақ сынайды.
Бұған дейін Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен Исхар Құрбаев ширек финалға шыққанын жаздық.