12:34, 25 Сәуір 2019 | GMT +6
Айдос Үкібай: Елбасы туралы ақпаратты барынша жедел таратамын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Твиттердегі парақшасы бар екенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы ақпаратты барынша жедел таратуға тырысамын. Твиттерде өз аккаунтымды аштым», - деп жазды А.Үкібай Твиттердегі парақшасында.
Сонымен қатар, ол бұл аккаунттың өзіне тиесілі екенін растады.
«Бұл жерде сіздермен Елбасының қызметі туралы ақпаратпен, бірегей фотосуреттермен бөлісіп отырамын», - деді Айдос Үкібай.