Айдын Айымбетов аман-есен Қазақ жеріне оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ елінің мерейін Айдан ары асырған, ұлы даламызды ұлықтаған азамат Айдын Айымбетов аман-есен Қазақ жеріне оралды.
Ғарышкерлер таңғы сағат 06.00-дан 51 минут кеткенде Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықта жерге қонды. Санаулы сәттерден кейін Астана әуежайында жұртшылық Айымбетовті қарсы алатын болады.