Айдын Айымбетов Астана қаласындағы «Қазғарыш» мектеп-лицейіне барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық Қаһарманы ҚР авиациясының ұшқыш-ғарышкері полковник Айдын Айымбетов Астана қаласының елордалық №50 мектеп-лицейіне барды.

Айдын Айымбетов Астана қаласындағы «Қазғарыш» мектеп-лицейіне барды

Осы шара аясында А. Айымбетов «Қазғарыш» лицейінің оқушыларымен, ұжымымен кездесті. Ол Халықаралық ғарыш стансасында ҚР Бесінші ғарыштық бағдарламасы бойынша жүргізген зерттеулері мен тәжірибелері жайлы айтып берді.

«Мен кішкентай кезімде ғарышкер болуды армандағанмын. Ғарышқа ұшып, ғарыш кеңістігін тамашалағым келген арманым орындалды. Армандаңдар, алдарыңа мақсат қоя біліңдер, ол міндетті түрде орындалады», - деді ғарышкер.

Әңгімелесу барысында тыңдаушылар Айымбетовке лицей оқушылары сұрақтар қойып, оған толыққанды, нақты жауаптар алды, деп хабарлады Қазғарыш баспасөз қызметінен.

Кездесу қорытындысы бойынша А. Айымбетовке мектеп мұражайының экспонаттары таныстырылды.