Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақстанның көк байрағын алып ұшады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған тулар мен еліміздің көк байрағын алып ұшады.
None
None

«Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Еліміздегі ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті сақтауда негізгі ұйым болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, сондай-ақ Конституцияның қабылданғанына да 20 жыл толып отыр. Осы орайда мен мерейлі мерекелерге байланысты Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚХА 20 жылдығына арналған туларды және еліміздің көк байрағын ғарышқа алып ұшамын», - деді ғарышкер. Сонымен қатар Айдынның кенже қызы Даяна әкесіне өзі жақсы көретін ойыншығын тарту еткен, деп жазады «Егемен Қазақстан». «Өзім өте қатты жақсы көретін ойыншығымды әкеме сыйладым. Ғарыш сапарына аман-есен барып келуін тілеймін. Болашақта мен де ғарышкер болсам деп армандаймын», - дейді Даяна.

Осыған дейін хабарлағанымыздай , құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бар ХҒС аттанатын экспедициясымен «Союз ТМА-18М» басқарылатын кораблін ұшыру 2 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан Астана уақыты бойынша сағат 10.37-де жоспарланған. Сондай-ақ Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады.

Соңғы жаңалықтар