Айдын Бикебаев «Жинақбанк» АҚ ЕБ басшысының орынбасары қызметіне кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Бикебаев «Жинақбанк» АҚ ЕБ басшысының қарыз проблемасымен жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті, деп хабарлады Kapital.kz. іскерлік ақпарат орталығы.

Айдын Бикебаев «Жинақбанк» АҚ ЕБ басшысының орынбасары қызметіне кірісті

«Айдын Бикебаев - есімі үлкен әріппен жазылған кәсіби маман, жоғары білікті топ-менеджер. Банктік салада бірегей практикалық тәжірибесі бар, таяуда жаңа лауазымдағы еңбегінің нәтижелерін көретінімізге сенімдімін», - деді басқарма төрағасы Александр Камалов.

Айдын Бикебаев 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану мамандығы бойынша, 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын аяқтады. 20 жылдан астам тәжірибесі бар, 2016 жылғы қазаннан бастап банктің қарыз проблемаларымен жұмыс бойынша басқарушы директор болып еңбек етті».

«Жинақбанк» АҚ ЕБ Жинақбанктің  халықаралық тобына кіреді. Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл жұмыс істейді. Бүгінде ЕБ-ның 83 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар. Оның 16-сы филиал. Банктің орталық кеңсесі Алматыда.