Айдың екінші жақ бетіне алғаш рет ғарыш кемесі қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «Чанъэ-4» автоматтандырылған ғарыш кемесі адамзат тарихында алғаш рет Айдың екінші жақ бетіне қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Айдың екінші жақ бетіне алғаш рет ғарыш кемесі қонды

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, «Чанъэ-4» ғарыш аппараты Айдың арғы бетіне 3 қаңтар күні Қытай уақытымен сағат 10:26-да қонған. Бұл, ғарыш кемесінің Жердің табиғи серігінің арғы бетіне тарихтағы алғашқы сәтті қонуы болды.

Ғарыш аппараты Айдың теріс бетіндегі қоршаған ортаны, үстіңгі қабатын, топырағын зерттеуге арналған құралдармен жабдықталған. Бұдан басқа, «Чанъэ-4» оның бетінде биологиялық эксперименттер жүргізетін болады.

Қытай Ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) Айдың арғы бетінің алғашқы суреттерін жариялап үлгерді.

null