Айдын Елжанов ертең жеңілмеген америкалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

САН-БЕРНАРДИНО. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1-1, 4 КО) 20 тамызда кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдын Елжанов ертең жеңілмеген америкалық боксшымен жекпе-жек өткізеді
Фото: sports.kz

Ол Сан-Бернардинодағы (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында жеңіліп көрмеген америкалық Альберт Гонсалеспен (4-0, 3 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек қарсаңында қарсыластар салмақ өлшеу рәсімінен өтті (57,15 келі).

Елжанов 26 тамызда Коммерсте АҚШ-тың тағы бір жеңілмеген өкілі Энди Белтранға (6-0, 3 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ жоспары соңғы сәтте өзгерді.