Айдын Елжановтың АҚШ-тағы келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдын Елжановтың (6-1-1, 4 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдын Елжановтың АҚШ-тағы келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Фото: sports.kz

Елжановтың рингке қайта оралуы 22 шілдеге белгіленді. Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өтеді. Қарсыластың есімі әзірше жарияланбайды.

Осының алдындағы жекпе-жегін де Айдын Лонг-Бичте өткізген болатын. Ол жолы төрешілердің шешімімен қарсыласы Хуан Эрнандес Мартинес (2-2-2) екеуі тең түсті деп танылған.

Осы жекпе-жегінің алдындағы кездесуі ақпан айында өтті. Ол Қостанай тумасының АҚШ-тағы алғашқы әрі бес жылдық үзілістен кейінгі жекпе-жегі еді.