Әйел 9 мың метр биіктікте босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бали - Лос-Анджелес бағытымен ұшқан China Airlines компаниясы рейсінің жолсеріктері өздерін акушерлер рөлінде көруіне тура келді, деп жазады ВВС.

 Әйел 9 мың метр биіктікте босанды

Ұшу кезінде тайваньдық жолаушы жүкті әйелдің толғағы мерзімінен бірнеше апта бұрын басталған.

Әйелдің бағына қарай, әуе кемесінің бортында Балиден демалып келе жатқан дәрігер оны аман-есен босандырды.

Ұшақтың Аляскада шұғыл қонуына тура келді. Әйел мен нәресте өздерін жақсы сезінуде.