Әйел адамды Астанада мемқызметке орналастырамын деп уәде берген алаяқ үш жылға сотталды - қалалық прокуратура

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Әйел адамды ақшалай сыйлыққа мемлекеттік қызметке орналастырамын деп уәде берген алаяқ шартты түрде үш жылға сотталды,

Әйел адамды Астанада мемқызметке орналастырамын деп уәде берген алаяқ үш жылға сотталды - қалалық прокуратура

деп хабарлады елорданың қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Маусым айының басында жапа шеккен М.есімді азаматша М.есімді азаматтан өзін мемлекеттік қызметке орналастыруын сұраған. Әйелдің оған сенім артқанын пайдаланған алаяқ алдау жолымен одан ақша алған. Жапа шегушіні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық департаментіне сарапшы ретінде жұмысқа кіргізетінін айтып, сендірген. Бұл қызметі үшін одан 7 мың АҚШ доллары көлемінде ақша талап еткен.

Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырмақ болған ол ҚР АШМ кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің персоналдарды дамыту басқармасына телефон шалып, өзін билік өкілі, яғни, Президент Әкімшілігі кеңсесінің басшысы ретінде таныстырып, әйел адамды ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментіне жұмысқа орналастыруларын талап еткен.

«№2 Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес 2013 жылғы 24 қазан күні алаяқтық жасағаны үшін М.есімді азамат шарты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.