Әйел - Ішкі істер органдарының қызметкері, әйел - ана, әйел - отбасы ошағын сақтаушы

Осы ұйымдастырылған іс-шараға арнайы шақырылған Астана қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Әйелдер құқығын қорғау бөлімнің аға инспекторы Д. Тоқсайтоваға әйел қызметкерлердің өз құзырындағы құқығын жете түсіндіру үшін сөз берілсе, Кадр жұмысы басқармасынан келген жеке құрам инспекторы Б.Ахманова бүгінгі күнгі кейбір материалдық жағдайларға байланысты болатын әр түрлі жағдайлардың тіркелетінін айта келе, келешекте жалпы әйел азаматшалардың еш кедергіге кездеспей, жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасалу керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ «Айша» қоғамдық қорының Әбіш Назарбайұлы мешітінен келген Айша қажы Әбіш келіні дін бар жерде инабаттылық, тазалық, адалдық сияқты адам бойындағы негізгі асыл нәрселер бірге жүретінін жеткізіп, өз ойын ортаға салса, Астана қаласындағы №1-інші емхананың маммолог-дәрігері Г.Сейтімбекова полк қыздарының сұрақтарына жауап берді.