Әйел қызын дәрігерсіз емдеп, өлтіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тува өлкесінде әйел баласын моншада күйдіріп алып, оны екі апта бойы дәрігерлерге көрсетпей, үйінде шырғанақ майын жағып емдеген, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Тергеу нұсқасы бойынша, Каа-Хемск ауданы Бурен-Бай-Хаак ауылындағы жеке үйдің моншасында анасы байқаусызда бір жарым жасар қызының үстіне ыстық су құйып күйдіріп алған. Соның салдарынан бүлдіршіннің басы, мойны, кеудесі, аяқтары күйіп қалған. Бүлдірші денесінің 60%-ын 3-ші дәрежелі күйік шалады. Одан кейін әйел бір апта бойы медициналық мекеменің көмегіне жүгінбей, бүлдіршін қыздың күйген жерлерінен шырғанақ майын жағып емдеген.

«Әйел баласымен бірге 16 тамыз күні ауруханаға жатқызылады. Алайда, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, бүлдіршін 22 тамыз күні көз жұмды. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған баланың өлімі  3-ші дәрежелі термиялық күйік, оның үстіне күйік ауруының асқынуы салдарынан болған», - делінген жергілікті құқық  қорғау органдары таратқан хабарламада.

Туған қызын абайсызда өлтіріп алған анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Фото: © РИА Новости / Константин Чалабов

Соңғы жаңалықтар