Әйел отқа оранған пәтерде үш жасар нәрестені тастап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вологода құқық қорғау органдары 24 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады РФ ТК аймақ бойынша Тергеу басқармасының баспасөз қызметінен.
Жас әйел құрбысының үш жасар қызын бөлмеде шыққан өрт кезінде құтқаруға талпынбаған.
Полицейлер анықтағандай, күдікті қарамағандықтан, кішкентай қыз оттықтың (зажигалка) бірімен ойнап отырып, тұтатып алған. Жалын тиген төсек-орын өртенген. Әйел бұл кезде өзге диванда ұйықтап жатқан.
Оянып, мұны көрген ол жалма-жан баланы алып бөлмеден шығудың орнына өртті сөндірмекке әрекеттенген. Алайда тілсіз жау тез тарап, түтін салдарынан баланы табу мүмкін болмады.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отты ауыздықтап, баланы құтқарды. Алайда денесін күйік шалған кішкентай қыз ауруханада көз жұмды.