Әйел өзінің үш баласын құдыққа тастаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Одесса облысы Измаиль ауданындағы Старая Некрасовка ауылында бір әйел өзінің кішкентай үш баласын құдыққа тастаған.
Бұл туралы Одесса облысының ІІМ ММ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, ішімдікке салынған 31 жастағы әйел өзіне қол жұмсап, сонымен бірге өзінің балалаларын да өлтірмек болған. Әйел үш баласын кезекпен құдыққа тастаған, олардың бірінің жасы 2-де, екіншісі 4-те және үлкені 6-да. Салдарынан 4 жасар бала суға батып кетті.
«Мас әйел өзіне қол жұмсап, балаларын да өлтірмек болған. Үй алдындағы құдықтың қақпағын ашып, балаларды төменге бір-бірден лақтырады. Сосын өзі де секірген. Үйге қайтып келген әйелдің анасы құдықтың маңындағы қанды байқап, болған жағдайды көрген соң құдыққа баспалдақ тастаған. Қызы балаларымен құдықтан шыққан. Бірақ бір баласы суға тұншығып өлген».