Әйелдер арасындағы Мықтылар турнирінің барлық финалистері анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды қаласында әйелдер боксынан өтіп жатқан «Мықтылар турниріның» барлық финалистері анықталды.
Аталған жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады. Турнир қорытындысы бойынша Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Бұл жарыстың басты ерекшелігінің бірі – қыздарымыз бірінші рет бас киімсіз жұдырықтасып жатыр. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.
Бұрымды боксшылар Қарағандыда 12 салмақ дәрежесі бойынша 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг өзара мықтыларды анықтап жатыр.

Турнирдің финалдық жұптары:
48 кг. Әйгерім Сәттібаева - Ақбота Болат
50 кг. Алуа Балкибекова - Гелиуса Галиева
52 кг. Томирис Мырзақұл - Жазира Урақбаева
54 кг. Элина Базарова - Әнел Сақыш
57 кг. Виктория Байдукова - Ұлжан Сәрсенбек
60 кг. Шахназ Исаева - Виктория Графеева
63 кг. Лаура Есенкелді - Аида Әбікеева
66 кг. Ангелина Ганюкова - Милана Сафронова
70 кг. Ангелина Витова - Гаухар Шойбекова
75 кг. Елена Гапешина - Валентина Хальзова
81 кг. Гүлсая Ержан - Диана Мағауяева
81+ кг. Ельдана Тәліпова - Ләззат Күнгейбаева

Финалдық жекпе-жектерді ертең, 27 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарағандыда әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» басталғаны туралы жазған болатынбыз.