Әйелдер арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы саналатын «жетісулық» волейболшылардың Қазақстан кубогын да иеленуге мүмкіндігі бар

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындары өтті.
None
None

Онда алаң иелері астаналықтарды 3:0 (25-19, 25-22, 26-24), талдықорғандықтар («Жетісу») павлодарлықтарды («Ертіс-Қазхром») 3:1 (25-14, 25-21, 27-29. 25-17) есебімен ұтып ақтық финалға шықты. Ертең енді «Жетісу» мен «Қарағанды» ел кубогын, ал «Ертіс-Қазхром» мен «»Астана» 3-ші орын үшін таласады. Бұл сайыста алаң қожайындарына қарағанда Ұлттық лигадағы ел чемпионатының бірнеше мәрте жеңімпазы саналатын талдықорғандықтардың мүмкіндігі жоғары. Олар
Жалпы ел кубогы додасында биыл 12 команда бақ сынаған болатын. Онда жүлделі орындардан сырт қалған «Алматы» бесінші, «Костанай» алтыншы,  «Грация Астана KZ» (Астана) жетінші, «Спартак АМТ» (Темиртау) сегізінші,  «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) тоғызыншы, «Жетісу-2» (Талдықорған») оныншы, «Қарағанды-2» он бірінші, «Оқушылар сарайы» (Астана) он екінші орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар