12:07, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Әйелдер арасындағы XVI Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-орын алды
АЛМАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Тайпей қаласында волейболдан әйелдер арасындағы XVI Азия чемпионатының ақтық ойындары өтіп жатыр.

Бақытжан Байтөреевтің тәлімгерлері кеше 9-орын үшін өткен ойында Австралия құрамасын 3:0 (26-24, 25-14, 25-23) есебімен ойсырата ұтты. Бұған дейін олар 9-13 орын үшін Шри-Ланка мен Индонезия спортшыларымен болған ойындарда да осындай ірі есеппен жеңіске жеткен болатын. Қазір онда Азия чемпионатының алтын медалі үшін Қытай мен Жапония құрамаларының ақтық ойыны өтіп жатыр. Қазақстандықтар алғашқы кезеңде өз тобында 3-орын алғандықтан жүлделі орындарға таласу мүмкіндігін қолдан шығарып алған еді. Сондықтан олар алдағы қазан айында Жапонияда өтетін Әлем кубогы додасына қатыса алмайды.