Әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес көрсеткіші бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі бойынша белсенділік еліміздің он үш өңірінде байқалады. Аталған өңірлерде әйелдер басқаратын кәсіпкерлік деңгейі ортадан жоғары мәнге ие.
Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, белсенді қызмет етіп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр, ондағы көрсеткіш 48,2 пайызды құрайды. Бұдан кейінгі орындарда Қарағанды облысы - жалпы шағын және орта кәсіпкерлік санының 47,7 пайызы және Павлодар облысы 46,1 пайызын құрайды.