Әйелдер боксы: Польшада қазақстандық төрт ару чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада бокстан әйелдер арасында өткен халықаралық турнирде төрт қазақстандық боксшы қыз чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Польшада өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнирде отандастарымыз 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Силезия аймағында өткен XII халықаралық турнирдің финалында 6 отандасымыз өнер көрсетті. Олардың ішінде Жайна Шекербекова (51 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) алтын алқа иегерлері атанды. Әйгерім Қасенаева (48 келі) мен Мадина Нұршаева (64 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Дариға Шакимова (75 келі), Милана Сафронова (64 келі) мен Владислава Кухта (57 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйгерім Қасенаева (48 келі) ақтық кездесуде 5 дүркін әлем чемпионы Мэри Комнан (Үндістан) ұтылды. Есеп 4:0.

Жайна Шекербекова (51 келі) ақтық сында жергілікті Сандра Драбикті (Польша) 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Карина Ибрагимова (60 келі) финалда ресейлік Анастасия Беляковадан 4:1 есебімен басым түсті.

Мадина Нұршаева (64 келі) өкінішке орай, украиналық Мария Бовадан ұтылды. Есеп 4:1.

Фариза Шолтай (81 келі) Агата Качмарскиден (Польша) айласын асырды.

Соңғы болып рингке көтерілген жерлесіміз Ләззат Күнгейбаева финалда ресейлік Кристина Ткачеваны жеңді. Есеп 4:1.

Осылайша бокстан Қазақстанның қыздар құрама командасы елімізге 9 медальмен оралады.

null null null 

Соңғы жаңалықтар