Әйелдер боксы: «Ұлттар кубогында» бақ сынайтын спортшылар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-21 қаңтар күндері Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сербия төріндегі сынға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк жылдың беташар жарысында бақ сынайтын спортшылар тізімін жариялады. 

Олар: Әйгерім Қасенаева (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Ангелина Лукас (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Әлия Әбдірайымова (64 келі) Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Айта кеткен жөн, "Ұлттар кубогы" Сербияда жыл сайын ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram