Әйелдер боксынан Санкт-Петерборда өткен халықаралық турнирде қазақстандықтар 2 қола жүлдеге ие болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төрт күнге созылған бұл жарысқа 17 елден 90-нан астам спортшы қатысқан болатын. Қазақстан чемпиондары Саида Хасенова (64 килә) мен Дариға Шакимова (69) қола жүлдегер атанды. Олар сәуір айында Түркияның Ыстамбұл қаласында Ахмет Комертті есеке түсіруге арналған «А» дәрежесіндегі халықаралық турнирде де қола жүлдегер атанған еді. Вадим Присяжнюк жатықтыратын ел құрамасы 29 елден 124 спортшы қатысқан бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль олжалап қайтқан. Ал бұл жолы екі қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болып отыр. 11 салмақ дәрежесі бойынша өткен дүбірлі додада жарыс қожайындары 5 салмақта, қытайлар 2 салмақта топ жарды. Қалған 3 салмақта Канада, Швеция және Ирландия боксшылары үздік шықты. 60 килә салмақтағы ирландық Әлем чемпионы Кэти Тейлор жарыс қорытындысында турнирдің ең үздік боксшысы атанды.