Әйелдер футболы бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Футбол федерациясы Әйелдер футболы бөлімінің жаңа басшысы болып бұған дейін Ұлттық футбол лигасы директорының орынбасары қызметін атқарған Владимир Мостовой тағайындалды.
Қазақстан Футбол федерациясының хабарлауынша, Әйелдер футболы бөлімінің бұрынғы басшысы Нұржан Доскеев Жағажай футболы және футзал департаменті директорының орныбасары қызметіне ауысты.