Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ванкувер қаласында өткен финалдық ойында америкалықтар 5:2 есебімен Жапония құрамасын жеңді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды

Құрама штат футболшылары қарсыластарының қақпасына ойынның алғашқы 15-минутында төрт голды қатарынан кіргізді.

Бұл әлемдік біріншілік тарихында АҚШ әйелдер құрамасының үшінші, 1999 жылдан бастап бірінші жеңісі.

Әйелдер арасындағы футбол бойынша алғашқы әлем чемпионаты 1991 жылы өткен, содан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келеді.