Әйелдер футболынан Еуропа чемпионатына қызығушылық рекордтық деңгейге жеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландыда өтіп жатқан әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионатына телекөрермендер, интернет пайдаланушылар да және стадиондағы көрермендер де рекордты қызығушылық танытты. Бұл туралы Deutsche Welle Еуропалық футбол қауымдастығы (УЕФА) одағына сілтеме жасап хабарлады.

Әйелдер футболынан Еуропа чемпионатына қызығушылық рекордтық деңгейге жеткен

6 тамызда өтетін финалдық ойынды есепке алсақ, биыл Еуропа әйелдер біріншілігінің матчтарын теледидардан 165 млн-ға жуық адам көреді. Бұл 2013 жылғы турнирға қарағанда көрермендер саны 50 миллионға көп.

Еуро-2017 ойындарының стадионына қазірде 211 863 жанкүйер барды. Бұдан бұрынғы рекорд төрт жыл бұрын орнатылған. Ол кезде ойынға 216 888 көрермен қатысқан. Энсхеде аренасында (30 мыңнан астам адам сыяды) өтетін Нидерландыдан біріншілік иелері және олардың Даниядан қарсыластары арасындағы финалға барлық билеттер сатылып кетті, сондықтан осы критерий бойынша жаңа рекордтық жетістік орнатылады.