Әйелдер футболында ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әйелдер футболында ұлттық құраманың бас бапкері болып Евгениий Пусиковтың орнына Андрей Ваганов тағайындалды.
None
None

Қазақстан футбол флдерациясының интернет-сайтындағы ақпаратқа қарағанда, қазақстандық бұл маманның «В» дәрежесіндегі бапкерлік лицензиясы бар.

1968 жылы Шымкент қаласында өмірге келген Андрей Волгоград дене шынықтыру интитутының түлегі. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 1986 жылы Шымкенттің «Мелиоратор» командасында бастаған ол 1988-90 жылдары Чехославкияда «Спортрота» Орталық әскерлер тобы құрамасында ойнайды. Сондай-ақ 1989 жылы «Мелиоратор» (Шымкент), 1990 жылы «Қайрат» (Алматы), 1991-1992 жылдары «Мелиоратор», 1993 жылы «Кривбасс» (Кривой Рог, Украина), 1994-1996 жылдары «Жігер» (Шымкент), 1997 жылы «Тараз», 1998 жылы «Қайсар» (Кызылорда), 1999-2000 жылдары «Синтез» (Шымкент), 2001-02 жылдары «Жетісу» (Талдықорган), 2003-2004 жылдары «Ордабасы» (Шымкент) командаларында да өнер көрсетіп, 1997-1998 жылдары ҚР Ұлттық құрамасына шақырылады. Сондай-ақ 2005-2006 жылдары өзі туып өскен қаланың «Ордабасы» командасында бас бапкер, 2007-08 жылдары қосалқы құрамда, ал 2009-2010 жылдары 1993 жылы туған жасөспірімдер тобында жаттықтырушы болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар