Әйелдер колониясында сотталғандардың балалары үшін мерекелік шара ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 әйелдердің түзету мекемесінде сотталған әйелдердің түрмеде дүниеге келген балалары мен балалар үйіндегі балалары үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.
None
None

«Халықаралық балалар күні қарсаңында мерекелік шара ұйымдастыру дәстүрге айналды. Бұл жолы «Жартас Қазақстан» және «Жеті Ағаш» қоғамдық қорлары балаларға мерекелік шара ұйымдастырып қана қоймай, түрлі сыйлықтар тарту етті», - деп атап өтті ЛА-155/4 түзету мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Виталий Щукин. «Шараға колонияда дүниеге келген үш жасқа дейінгі 30 балдырған мен Алматы қаласы және Алматы облысындағы балалар үйлеріндегі сотталғандардың бестен 13 жасқа дейінгі 10 баласы қатысты», - деп қосты В. Щукин.

Соңғы жаңалықтар