Әйелдер көшбасшылығын дамыту мектебін қалыптастыру жобасын жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды

АСТАНА. 25 cәуір. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - Әйелдер көшбасшылығын дамыту мектебін қалыптастыру жобасын жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды.
None
None

Бүгін Астанада «Азаматтық қоғам қалыптастырудағы әйелдер рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтіп жатыр. Аталмыш шара әйелдер көшбасшылығын дамыту мектебін қалыптастыру жобасын жүзеге асырудың бастамасы болды.

Жоба шеңберінде әйелдерге арналған тегін әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру, әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған семинар-тренингтер өткізумен қатар білім беру мекемелерінде арнайы дәрістер ұйымдастыру көзделген.

Дөңгелек үстел барысында әйелдердің көшбасшылық мектебін ұйымдастыру ісіне қатысты ұсыныстар ортаға салынып, сарапшылар пікірлері талқыланды.

«Қыз-келіншектердің қоғамдық белсенділігі өте жоғары, ол мектеп, университет қабырғаларынан-ақ айқын көрініс бере бастайды. Кәсіподаққа басшылық ететін тұлғалардың басым көпшілігі де - әйелдер. Дегенмен қазіргі таңда жоғары құрылымдар деңгейіндегі әйелдердің көшбасшылығын қолдау мәселесін жүйелі шешу қажет. Осы орайда арнайы мектеп құру тәжірибе алмасу мен әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамытудың әрі оған қолдау көрсетудің бастамасы болмақ», - деді Астана қаласы «Әділет» Білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Балсұлу Наурызбаева өз сөзінде.

Шараға «Астана қаласы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум