Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) әйелдер құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі жарияланды

Соңғы рейтинг 2018 жылдың 7 желтоқсанында жаңартылған болатын. Төрт айдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы бір сатыға сырғып, 72-орынға жайғасты.

Ақпан-наурыз айларында Рәзия Нүркенова шәкірттері бес ойын өткізді - Түрікменстан (6:0), Франция Б (0:3), Иордания (1:1), Солтүстік Ирландия (0:4) және Үндістан (0:0, пенальтилер сериясы 4:3).

2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары келесі сатыда - Франция (4-орын), Австрия (23), Сербия (43) және Македония (124).

Әйелдер құрамалары арасында FIFA рейтингі (29.03.2019):

1. АҚШ - 2101

2. Германия - 2072

3. Англия - 2049

4. Франция - 2043

5. Канада - 2006

6. Австралия - 2003

7. Жапония - 1991

8. Голландия - 1967

9. Швеция - 1962

10. Бразилия - 1944

...

23. Австрия - 1798

43. Сербия - 1539

72. Қазақстан - 1349

124. Македония - 1059.

Келесі рейтингі 2019 жылдың 12 шілдесі жарияланады.