13:21, 04 Сәуір 2021 | GMT +5
Әйелдер күресінен Азия чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен Алматыда өтетін Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын бұрымды балуандар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бас бапкер Нұрлан Аманқосов төмендегі спортшыларды жарысқа қосады:
50 келі: Валентина Исламова
53 келі: Татьяна Ахметова
55 келі: Айша Уәлихан
57 келі: Алтынай Сатылған
59 келі: Диана Каюмова
62 келі: Ирина Кузнецова
65 келі: Гаухар Мұқатай
68 келі: Анастасия Панасович
72 келі: Жәмила Бақбергенова
76 келі: Эльмира Сыздықова.