Әйелдер мен ерлер арасындағы футбол Иранда үлкен жанжал туғызды

ТЕГРАН. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Иранның жетекші футбол клубы қыздар мен жігіттер командаларының арасында ойын өткізуге рұқсат бергені үшін жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр болды.
None
None
Бұл ислам төңкерісінен бері Иранда әйелдер мен ерлер командаларының арасында ойналған алғашқы матч болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-Си компаниясына сілтеме жасап. Иран футбол лигасының басында тұрған "Эстеглал" клубының басшылығы ойынды ұйымдастыруға жауапты үш адам жұмыстарынан шеттелгенін хабарлап отыр. Иранда екі жыныс өкілдерінің қатысуымен спорттық жарыстар өткізуге үзілді-кесілді тыйым салынған. Ерлер арасындағы біріншілік кезінде әйел адамдар тіпті стадионға да жіберілмейді.
Соңғы жаңалықтар