Әйелдер министрлігі құрылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының келелі кеңес органы болып табылатын Шурада ақ жаулықтыларға өз алдына бөлек министрлік құру турасындағы ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл жайында Шура мүшесі Тхурай Эррайд мәлім етті, деп жазады muslim.kz сайты.

Әйелдер министрлігі құрылатын болды

«Мен әйелдердің мүддесін қорғайтын құзырлы органның құрылғанын қалаймын әрі бұл ұсынысты қолдаймын»,- деді ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Аталмыш кеңестің тағы бір мүшесі Лама әл-Сүлейменнің айтуынша, экономикалық қызметке араласып жүрген ер азаматтардың 70 пайызы жазып-сыза алмайды, хат та танымайды.

Әл-Ақсадаағы іскер әйелдер комитетінің жетекшісі Фадия әл-Рашидтің сөзіне қарағанда, бизнесте саудиялық әйелдердің қарасы аз көрінеді. Олардың қарасы бар-жоғы сегіз пайызды ғана құрайды екен.

«Саудиялық әйелдер: болашаққа нық қадам» деп аталатын мәжілісте сөйлеген сөзінде саудиялық әйелдер жолбастаушысының (гид) президенті Маха Фитахи: «Біз әйелдерді отбасы, ошақ қасынан алыстатып, жұмысқа баруына мәжбүрлей алмаймыз. Ол - әр әйелдің қалауына қарай болатын іс. Біз олардың төңіректе не болып, не қойып жатқанынын хабардар болғанын қалаймыз»,- деді.