Әйелдер оғаш қылық, ерсі мінезді көтере алмайды - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдетте әйелдер ер адамдармен салыстырғанда төзімді келеді. Алайда, Мичиган университетінде жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша ғалымдар жаңа байлам жасап отыр. Олар ерсі мінез-құлыққа әйелдердің тез ашуланатынын, ондайға төзе алмай кететінін дәлелді, ол үшін тәжірибеге 235 адам қатысып, арнайы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады «The Hindustan Times».

Әйелдер оғаш қылық, ерсі мінезді көтере алмайды - ғалымдар

Сұрақ-жауапқа қатысушылар шектен тыс жасанды мінез-құлық көрсеткен адамның ақылға сыйымсыз мінезіне төзе алмайтындықтарын жеткізген. Ғалымдардың айтуынша, әйелдер сезімтал, сондықтан айналадағы әрекеттерді жіті бақылап отырады. Олар ерсі қылық, оғаш мінезді бірден байқайды.