Әйелдер от басындағы ғана емес, сонымен бірге елдегі тыныштықты да сақтаушы - Н. Назарбаев
аурыздың 5-і. Қазақпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әйелдер от басындағы ғана емес, сонымен бірге елдегі тыныштықты да сақтаушы болып табылады. Бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымының өкілдерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әйелдер от басындағы емес, сонымен бірге елдегі тыныштықты да сақтаушы болып табылады. Бәрі де сіздерге байланысты. Отбасында бейбітшілік болса, онда бәрі де жақсы деген сөз. Егер әйелдің көзінде жас болмаса, бұл дегеніміз елдегі жағдайдың жақсылығын, елдің тыныштығын білдіреді. Егер әйелдің көзі нұр шашып тұрса, онда оның жанында тіреу болатын нағыз ер азаматының барын, балалары жақсы өмір сүріп жатқанын білдіреді», деді кездесуде Н. Назарбаев.
Осы орайда Елбасы Қазақстандағы әйелдер қауымының елдің ішіндегі тыныштықты сақтаудағы рөлін жоғары бағалады. «Күн сайын теледидардан Бағдатта бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын көріп жүрміз. Жүздеген адамдар жараланып жатыр. Әлемнің кейбір нүктелерінде де осындай оқиғалар болуда. Бұның бәрі дінаралық, ұлтаралық қақтығыстардың негізінде болып жатқан дүниелер. Қазақстан бұдан өте алды. Бірде-бір ана ешкімге түсініксіз, ешкімге керегі жоқ дінаралық қақтығыстардың кесірінен баласынан айырылып, жаңағылар сияқты көз жасын төккен жоқ. Еліміздегі осындай достықты, тыныштықты сіздер қолдап отырсыздар. Қазір де бізге бұл аса қажет», деді Мемлекет басшысы.