Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді

закон
Фото: Акорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президенттің ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес, ұлттық комиссия туралы ережеге бірқатар өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар комиссияның құрамы да жаңа редакцияда жазылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ:

Балаева Аида Ғалымқызы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы - қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Тарасенко Елена Ивановна - қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Әбден Қарақат Жақсылыққызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ағыбаева Бибігүл Шәкірбайқызы - еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, Academy of labour relations бас директоры (келісім бойынша)

Адамбеков Тілектес Серікбайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Адиева Альфия Даулетқалиқызы - Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры (келісім бойынша)

Әбдірахманова Алина Бауыржанқызы - International Business School жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Байсақова Зульфия Мұхамедбекқызы - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Гурина Марианна - «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

Жанғазинова Назым Жәнібекқызы - медиакоммуникация саласындағы сарапшы, NazymPR PR-бутигінің негізін қалаушы (келісім бойынша)

Жандосова Баян Айтбекқызы - «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы - Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Жүгінісова Айнұр Серікқызы - кәсіпкер, продюсер, «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Зұлқайыров Ренат Уәзірұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

Имашева Снежанна Валерьевна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Каримова Эльмира Рашитовна - «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры (келісім бойынша)

Каринова Шолпан Таңатқызы - AMANAT партиясының хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы (келісім бойынша)

Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» РМҚ ШЖҚ бас директоры (келісім бойынша)

Қалтаева Ләззат Молдабекқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Қанай Гүлмира Әмірханқызы - «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша)

Қарабасова Лаура Шапайқызы - «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

Қожалы Тоғжан - қоғам қайраткері, HAQ қайырымдылық қорының негізін қалаушы (келісім бойынша)

Қожахметова Ләззат Таймырқызы - «Talbesik көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Миронюк Татьяна Александровна - «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Молдашева Рыиза Асанқызы - «Семей таңы газеттері - Вести Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры - бас редакторы (келісім бойынша)

Омарова Айман Мұратқызы - адвокат, құқық қорғаушы, AU онлайн-құқық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша)

Омарова Гүлнар Мансұрқызы - Senimen Bolashaq республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша)

Семидоцких Елена Александровна - кәсіпкер, «Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы - «Рухани қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)

Хасенов Муслим Ханатұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы (келісім бойынша)

Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы - Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Шөжеева Әзиза Тимурқызы - кәсіпкер, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының жетекшісі (келісім бойынша)

Соңғы жаңалықтар