Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы жаңартылды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы Жарлыққа өзгерістер мен толықтыру енгізді.

Жарлыққа келесі өзгеріс енгізілді:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы Ережеде»:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және мүшелерінен тұрады. Оның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды».
Сонымен қатар Ұлттық комиссияның жаңа құрамы бекітілді:
- Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға;
- Искакова Жұлдызай Амангельдинқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, PhD, төраға орынбасары (келісім бойынша);
- Сүлеймен Ляззат Жанылысқызы – «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төраға орынбасары (келісім бойынша);
- Тарасенко Елена Ивановна – қоғам қайраткері, төраға орынбасары (келісім бойынша);
- Умарова Айман Мұратқызы – адвокат, құқық қорғаушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, төраға орынбасары (келісім бойынша);
- Нұрахметова Гаухар Сердалиқызы – гендерлік және отбасылық саясат бойынша сарапшы, хатшы (келісім бойынша);
- Абдрахманова Алина Бауыржанқызы – «Қазақ-Американ университеті» ЖШС директоры (келісім бойынша);
- Әдиева Альфия Дәулетқалиқызы – «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша);
- Байдашева Жанна Аманқызы – «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы өкілдігінің директоры (келісім бойынша);
- Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы – «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша);
- Гребенникова Галина Александровна – «Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық ассоциациясы (КМПА)» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау саласының сарапшысы, жоғары санатты дәрігер (келісім бойынша);
- Гурина Марианна Юрьевна – «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша);
- Дәулетбаева Жұлдыз Жетпісбайқызы – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша);
- Жанғазинова Назым Жәнібекқызы – медиакоммуникация саласының сарапшысы, «NazymPR» ЖШС директоры (келісім бойынша);
- Жандосова Баян Айтбекқызы – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы – әйелдер кеңесінің төрайымы (келісім бойынша);
- Зулхаиров Ренат Вазирович – Әділет министрлігінің Құқықтық және нормашығармашылық үйлестіру департаментінің басшысы;
- Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы (келісім бойынша);
- Каримова Эльмира Рашитовна – «КМГ Инжиниринг» ЖШС-нің кадр мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша);
- Каринова Шолпан Танатқызы – «AMANAT» партиясының хатшысы, партия әйелдер қанатының төрайымы (келісім бойынша);
- Қажыбаева Раушан Жанабергенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» РМК директоры (келісім бойынша);
- Қалтаева Ляззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрайымы (келісім бойынша);
- Қанай Гүлмира Әмірханқызы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы – ректоры (келісім бойынша);
- Қарабасова Лаура Чапаевна – «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ басқарма төрайымы – ректоры (келісім бойынша);
- Қожалы Төгжан Бақытжанқызы – қоғам қайраткері, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша);
- Ли Елена Эдуардовна – «Dolce» ЖШС құрылтайшысы (келісім бойынша);
- Миронюк Татьяна Александровна – «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
- Сәрсенбаева Айгерім Арыстанбекқызы – Жамбыл облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша);
- Семидоцких Елена Александровна – кәсіпкер, Солтүстік Қазақстан облыстық «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
- Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
- Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы – «Рухани Қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша);
- Хангелдина Сұңқар Қосманапқызы – жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, MBA магистрі, блогер (келісім бойынша);
- Хасенов Мүслім Ханатұлы – «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ-ның қауымдастырылған профессоры, халықаралық құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы (келісім бойынша);
- Шанай Назипа Идрисқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы (келісім бойынша);
- Шүжеева Әзиза Тимурқызы – кәсіпкер, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрайымы (келісім бойынша).
Аталған жарлық 2025 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, биыл мамырда Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді.