Әйелдер түрмесінде бүлік шықты
АНКАРА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Түркияның Муш провинциясындағы әйелдер түрмесінде бүлік шықты.
Оған қамаудағыларға жасалған жағдайдың төмендеуі себеп болған, деп хабарлады Trend.
Түрмеде отырғанда қарсылық ретінде камералардың бірін өртеп жіберді. Оның салдарынан жеті адам зардап шекті. Барлық зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді.