Әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты көбірек шағымдана бастады
«Бүгін халық үшін аса маңызды мәселелердің бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайын қараймыз. Оңтүстік Қазақстанның, ал бүгінгі Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында соңғы 2 жылда жүргізілген «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының қорытындысын талқылаймыз», - деді ол ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты - отбасылық-тұрмыстық салада орын алатын құқық бұзушылықтардың санын барынша төмендету болған. Бүгінде жоба аясында нақты жетістіктер де бар деуге болады. Дегенмен, оңтүстік өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсіп отырғанын да атап өткен жөн.
«Өкінішке қарай, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстанда отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтың саны 280 пайызға артып отыр. Бір жағынан бұл жобамыздың арқасында адамдардың үнсіз қалмай, жүгінуге бет алғанын көрсетеді. Яғни, бұл саладағы ағартушылық жұмыстардың нәтижесінде халық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін айтып, жиі жүгіне бастады. Мұндай жобаның алғашқы нәтижесі - барлық уақытта да құқық бұзушылықтың артуы. Қазір мұндай фактілерді көптеп анықтала бастады. Дегенмен, бұл жұмысты баялату керек деген сөз емес», - деді Салтанат Тұрсынбекова.