Әйелдер жүктілік кезінде көп қимылдап, белсенді болуы керек - АҚШ ғалымдары

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та әрбір бесінші жүкті әйелге қандайда бір дертінің асқынып кетуінен сақтану үшін тынығып, көп қимылдамауға кеңес беріледі. Әрекетсіз, тыныштық сақтаудың өзіндік пайдасы болуы мүмкін, бірақ оның зиян жағы да анықталып жатыр, деп жазады The Daily Mail.

Әйелдер жүктілік кезінде көп қимылдап, белсенді болуы керек - АҚШ ғалымдары

Себебі, қимылсыз, салмақ басып, жата берген әйелдерде қан ұйып, қант диабеті өршуі секілді белгілер байқалған. Тіпті, ондайда адам сарыуайымға беріліп, әбден босаңсып кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, жүктілік кезінде көп қимылдамаған аналардың балалары туғанда әлсіз, салмағы аз болып туылған. АҚШ-тың Медициналық зерттеу орталығының ғалымдары жүргізілген сауалнамалар қорытындысы бойынша, енді әйелдерді іс-қимылдан шектемеу керек деген тоқтамға келген.