Әйелдерде болуы мүмкін жүрек ауруларын қалай емдеу керек – дәрігер кеңесі
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Жүрек ауруы – ерлер мен әйелдер өлімінің негізгі себептерінің бірі. Бұл ретте әйелдерде жүрек ауруының белгілері, көрінісі мен емдеуде ерекшеліктер болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық кардиология орталығының дәрігері Әмина Ракишева айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, әйелдерде жүрек бұлшықетінің қанмен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуіне байланысты пайда болатын жүректің ишемиялық ауруы жиі кездеседі.
«Әйелдерде жүректің ишемиялық ауруының белгілері ерлердегідей анық көрінбеуі мүмкін. Әйелдер шаршау, ентігу, әлсіздік, жүрек айну, тіпті арқа немесе жақтағы ауырсынуды сезінуі мүмкін. Сондай-ақ, әйелдерде жиі кездесетін кеелсі ауру – аритмия, яғни, жүрек ырғағының бұзылуы. Әйелдерде аритмия субтильді түрде көрінуі мүмкін, ол сондай-ақ жиі байқалмайды. Оның белгілері жүректің шалыс соғуы, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, бас айналу немесе әлсіздік жатуы мүмкін», - дейді дәрігер.
Сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігі, клапан ақауы, гипертония, басқа да жүрек ауруларына назар аудару маңызды. Әйелдерде бұл аурулардың көрінісі мен емінде өзіндік ерекшеліктер болуы мүмкін.
«Әйелдерде жүрек ауруларын емдеу дәрі-дәрмек терапиясы, өмір салтын түзету, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, абляция процедуралары, тіпті хирургиялық араласуды қамтуы мүмкін. Жүрек ауруын өздігінен диагностикалау мен емдеу қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, сондықтан жүрек проблемаларына күдік туындаған кезде диагноз қою және тиісті ем тағайындау үшін дәрігерге көріну керек.
Жүрек проблемаларын уақтылы анықтау және емдеу денсаулық пен өмір сапасын сақтауға көмектеседі», - деді Әмина Ракишева.