Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері талқыланды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өткізді.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері талқыланды

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Конференцияға Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП, ЕҚЫҰ орталығы, мемлекеттік органдар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Іс-шарада отбасында зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу жұмыстарының тиімділігін әрі нәтижелігін арттыру бойынша шаралар талқыланды. Қатысушылардың атап көрсеткеніндей, зорлық-зомбылық құрбандарына қажетті көмек көрсету уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасасу деңгейіне байланысты болып табылады.

Осыған байланысты конференцияда мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар пысықталды.