Әйелдердің ер-азаматқа қарағанда жауапкершілігі мол - Елбасы

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Әйелдердің ер-азаматқа қарағанда жауапкершілігі мол. Бүгін Ақордада 8 наурыз халықаралық мерекесіне орай әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездескен ҚР Президенті Н.Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

Маңызды шешімдер қабылданатын қызметтерге әйел қауымын жіберу қажет емес деген пікірмен келіспейтіндігін баса айтқан Елбасы: «Менің өмірлік тәжірибем көрсеткендей, ер-азаматтың орнына әйелдерді қойған кезде әрқашанда да зор тәртіп орындалады. Іске сенімділік, әділдік әр кезде де қамтамасыз етіледі. Ер-азаматтар ренжімесін, бұл шындық. әрбір басшылықтағы еркек бұны мойындауы тиісті. Өйткені сіздер табиғаттарыңыздан-ақ жауапкершіліктеріңіз мол», - деді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының атап өтуінше, әйелдер қауымы Қазақстан мемлекетін нығайту ісіне белсенді қатысып келеді. Мәселен, денсаулық сақтау және білім беру саласында жұмыс істейтіндердің 90 пайызын әйелдер құрайды. Республикада бизнеске берілетін несиенің 40 пайызы да нәзік жандылардың еншісінде.

Айта кетейік, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Елбасы құттықтау үшін қабылдаған нәзік жандылардың ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова, ОҚО-дан келген көпбалалы ана Гүлмира Нышанбаева, сондай-ақ еліміздің түрлі салаларында жұмыс істейтін басқа да белгілі әйел азаматшалар болды.

Соңғы жаңалықтар