Әйелдердің ерлермен салыстырғанда өмір сүру ұзақтығының айырмасы - 10,5 жас

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - 2009 жылдың қаңтар-қарашасында республикада дүниеге келген нәрестелердің саны 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 0,7 пайызға аз,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың 11 айында Қазақстанда 332,1 мың (2008 жылдың қаңтар-қарашасында 334,5 мың) бала дүние есігін ашқан.

2009 жылғы қаңтардың 1-іне дейін республика халқының жалпы санынан 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі - 24,2 пайызды, 15-64 жас аралығындағылар - 68,4 және 65-тен асқандар - 7,4 пайызды құрады. Ведомствоның анықтауынша, 14-28 жас аралығындағы жастардың саны аталмыш жылдың басы мен 1999 жылдың қаңтары аралығында - 12,6 пайызға, ал 20 мен 30 аралығындағылар - 15,6 пайызға артқан.

«1998 жылдан бері республикада өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің арту үрдісі байқалуда. Бұл ретте ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығы арасындағы айырманың динамикасы біркелкі емес. Мәселен, әйелдердің ерлермен салыстырғандағы өмір сүру ұзақтығының айырмасы 1999 жылы 10,3 жас болса, ол 2007 жылы 11,9 жасқа артты. Дегенмен, 2008 жылы бұл көрсеткіштің 10,5 жасқа дейін төмендеуі байқалды», - деп атап өтті Агенттіктен.

Соңғы жаңалықтар