Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңмен ұлғайтылады - Қ. Келімбетов

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Елімізде әйелдердің зейнеткерлік жасын біріздендіру мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарынан оны кезең-кезеңімен ұлғайту көзделеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын таныстыру рәсімінде ҚР вице-премьері Қайрат Келімбетов мәлім етті.
None
None

Вице-премьердің айтуынша, жобаға сәйкес, еліміздегі әйелдердің зейнетке шығу жасын біріздендіру біртіндеп, 10 жыл бойы жүзеге асырылады. «Жыл сайын зейнетке шығатын жас жарты жылға ұзартылады. Бұдан бөлек, ведомствоаралық комиссия оны көтеруді 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуді ұсынды. Ондай ұсыныс Үкіметке де енгізілген», - деді ҚР вице-премьері Қайрат Келімбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов те зейнетақы жасын арттыруды кезең-кезеңімен жүргізу қажеттігін алға тартады. «Бұл ретте халықаралық тәжірибеге, біздің өзіміздің 1998 жылдан бергі тәжірибемізге сүйену маңызды», - дейді министр.

Тоқтала кететін жайт, көптеген елдерде (Люксембург, Швейцария, Италия, Финляндия, Норвегия және т.б.) зейнеткерлік жас 65-67 жасты құрайды және бұл жұмысшының жынысына байланысты болып табылмайды. Сонымен қатар, халықтың қартаю үдерісін ескере келе және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі орын алған проблемаларға орай, көптеген мемлекеттер, атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Чехия, Әзірбайжан, Украина, Эстония зейнетке шығу жасын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар