Әйелдердің лайықты өмірі үшін: Алматыда 8 наурыз қарсаңында митинг өтеді

митинг
Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл хабарды алматылық қоғам белсендісі Бибінұр Шералиева жеткізді. 

«Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні Махатма Ганди саябағында „Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин!“ тақырыбында митинг өткізуге өтінім берген болатынбыз. Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді деген жауап алдық» деп жазды ол Facebook парақшасында.  

Митинг 7 наурыз күні сағат 12:00 кезінде Махатма Ганди саябағында өтеді. 

Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі.

Сонымен қатар, әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады.

Митинг в поддержку женщин согласовал акимат Алматы
Фото: Бибинур Шералиева/Facebook

 

Соңғы жаңалықтар