«Әйелдерге арналған кәсіпкерлік мектебі» әлеуметтік жобасы аясында 270 әйел оқытылды - Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Қазақстанның Іскер әйелдер қоғамдастығы «Әйелдерге арналған кәсіпкерлік мектебі» әлеуметтік жобасының қорытындыларын шығарды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның жұмыссыз әйелдерін еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқыту жобасы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылуда. Қолдауға мұқтаж әйелдерді іріктеуге Жұмыспен қамту және әлеуметтік жобалар басқармасында тіркеуде тұрған және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы келген жұмыссыз әйелдер қатысты. Еңбек нарығын зерттеудің негізінде сұранысқа ие мамандықтар іріктелді.

«Әйел ақысыз негізде даяшы, наубайшы-аспаз, бала бағушы-тәрбиеші, бала бағушы-үй күтуші және басқа да мамандықтардың қыр-сырын игерді. Ең бастысы Іскер әйелдер қауымдастығы оқытудан кейін олардың міндетті түрде жұмыспен қамтылуын қадағалады. Соның арқасында тек Астана қаласы бойынша оқытылған 270 әйелдің 80 пайыздайы жұмысқа орналастырылды. Ал 10 пайызы өз кәсіптерін ашты», деді Р. Сәрсембаева.

Соңғы жаңалықтар