Әйелдерге автобус жүргізуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь үкіметі әйелдерге істеуге тыйым салатын мамандықтар тізімін жариялады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Тізім бойынша нәзік жандылар мына мамандық бойынша қызмет атқара алмайды: көтергіш қондырғылардың, бұрғылау машиналары мен экскаватор машинисі, кен ұсақтаушы, бетон бұйымдарын кесуші, краншы, металл қорытушы, қазаншы, ұста, сүңгуір, т.б. Сондай-ақ беларусь әйелдеріне спирт пен май айыратын аппаратта жұмыс жасауға, автобус, жүк көлігі мен әскери көлікті жүргізуге тыйым салынды.
Беларусьтің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қаулыны 12 маусым күні қабылдады, 25 шілдеден бастап аталған қаулы күшіне енді, деп жазады