Әйелдерге темекі тартатын күйеулерімен ажырасуға рұқсат берілді -Сауд Арабиясы

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат -   Сауд Арабиясында әйелдерге тұрмысқа шыққан соң, күйеуінің темекі тартатынын білсе, онымен ажырасуға рұқсат берілді,

 Әйелдерге темекі тартатын күйеулерімен ажырасуға рұқсат берілді -Сауд Арабиясы

деп хабарлайды Мuslim.kz.

Бұл заңды жергілікті Аппеляциялық сот судьясы Ибрагим Ходейри: «Темекі зиян болғандықтан, некені бұзуға болады. Себебі, шылым шегетін адаммен бір шаңырақ астында өмір сүру мүмкін емес» деп түсіндірді.

Некенің ұзақтығы да оны сақтап қалуға себеп болуы ықтимал. «Егер әйел шылым шеккіш қосағымен 20 жыл тұрса, онда некені бұзуға рұқсат етілмейді».


Сауд Арабиясы темекі сатып алу бойынша әлемде төртінші орында. Ресми деректерге қарағанда, бұл елде 6 миллионға жуық темекіге әуес.