04:36, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Әйелдің қамқорлығы күйеуін торығудан құтқарады
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Иллинойс университетінің ғалымдары егер отағасы торығу сезіміне берілсе, оның әсері балаларына да ықпал етеді, деп санайды. Бұл туралы Питер-ру сайты хабарлады.

Егер әйелі мен күйеуінің арасында сыйластық пен қамқорлық байланыстары жақсы болса, балаларға да пайда. Отбасындағы мұндай бақытты көңіл-күйде торығу сезіміне берілген ер адамның өзі бірте-бірте балалармен қарым-қатынасын жақсартып, үйде шат-шадыман тұрмыс орнайды. Мұндай жағдайда әйелдер күйеуіне қамқорлықты күшейте түсуі тиіс, деп санайды ғалымдар.