Әйелі бәстесіп күйеуін өртеп жіберді

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Забайкалье аймағының тұрғыны өзімен бірге тұратын ер адаммен бәстесіп, оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Бұл оқиға Карым ауданының Дарасун кентінде орын алды.

Әйелі бәстесіп күйеуін өртеп жіберді

Азаматтық некедегі әйел мен ер адам спирттік ішімдік ішіп, «жынды» судың буына әбден қызған екеуі "әйелі күйеуін тірідей өртеп жібере ала ма" деген мәселе төңірегінде сөзге келіп бәстескен. «Зардап шеккен ер адамның азаматтық некедегі әйелі күйеуінің үстіне канистрдегі бензинді шашып, жағып жіберген», - деп жазылған Ресейдің Забайкалье аймағы құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Бәстесуден ұтылған ер адам үшінші және төртінші деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында ер адам азаматтық некедегі әйеліне ешқандай наразылығы жоқ екенін мәлімдеді.